Бәрі күйкі тірлік.
Ішкі дүниеңе қара.
Өз - өзіңді тани біл.
Тыныштық.
Барлық саны: 5%.
Архетипі: Бастапқы себеппен кері байланыс.
Түрлік рөлі: Қауымның түнгі қарауылшығы.
ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1. Ең ыңғайлы түсі – көк түс.
2. Ең ыңғайлы геометриалық кескіні — жоқ.
3. Квартельдегі орны — АҚПАРАТ квартелінің ішкі бөлігі, нағыз интроверт.
4. Интеллект типі — абстракт.
ПСИХИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
Ол жайында: «Бұл дүниенің адамы емес» дейді. Оғаш, томаға тұйық мінезді, әпенді, дарақы, тек талғамалы байланысқа барады. Басқа адамдар оны алғаш көргенде осындай ойда болады. Жүйелі-векторлық психология дыбыс векторын осылай анықтайды.
Дыбысшыл – абсолютты эгоцентрик – нағыз менменшіл. Ол өз ойынша ең ақылды, «Бәрінен жоғары», сондықтан оны көбі «Шадыр мінезді, адам менсінбейтін» деп санайды. Ол нағыз интроверт, ол бар ойын өзіне, өзінің ішкі әлеміне бағыттайды. Сөйлегенде «Мен» деген есім сөзді көп қолданады.
Дыбысшыл бала 5-6 жастан бастап өмір жайында сұрақтар қоя бастайды: «Әке, біз кімбіз? Не үшін өмір сүреміз? Өмірдің мәні неде? Өлім деген не? Біз өлгеннен кейін не болады? Ғарыш деген не? Ал шексіздік деген не? Неге мен өз денемдемін, мысалы неге ағамның денесін де емеспін?».
Өсе келе бұл сұрақтар басылып, ұмытылып қалады, мидың түпкі терең ессіз бөліміне ығыстырылып кетеді де, еміс есінде жауапсыз қалған сұрақтар – күңгірт уайымға тартады, сөйтіп баланы мазалап, дабыл ескертулер жасап тұрады, «Дүние жүзі қайғы-қасіретін» сездіреді, жасөспірім кезде (пубертата) және болашақта бұдан да өткір сезіле бастайды. Өйткені өз табиғатыңнан ешқайда кете алмайсың.
Дыбысшыл адамдардың бір бөлігі өз сұрақтарын ауызша сөзге айналдырып, ішкі ойын сыртқа шығарып сұрақ қалыптастырса, ал басқа бөлігі сұрақтар қоймайды, бірақ ішкі сезім ішкі ессіз әлем күңгірт уайымға тартып тұрады. Мысалы физик өзіне зерттеу жұмыстарының «Себебі неде деген?» сұрақ қоймайды, есеп бермейді. Ол сізге «Мен әлем кұрылғыларын зерттеймін» деп те айтпайды. Ол «Оған дейін ешкім ойлап шығармаған, өмірде қолдануға жарамды, пайдалы практикалық мағынасы бар есепті шешіп жатырмын», - деп ойлайды.

Бұл дүниенің бастапқы себебін іздегенде, дыбысшыл адамдар дін және рухани дүние тәжірибелерін зерттейді. Кейде олар қарсы көзқараста болып, Кұдайдың жоқтығын дәлелдеуге тырысады, атеистке айналады. Тек дыбысшыл адамдар Кұдайдың жоқтығын кұлшына дәлелдей бастайды, себебі Құдайдың бар – жоғы – ол тек дыбысшыл адамды мазалайтын сұрақ.
Дыбыс векторының бірегей ерекшелігі – бұл адамзаттың материалдық кұндылығына ынтызар кұлшынысы жоқ жалғыз вектор. Жыныстық қатынас, жанұя, сәби сүю, ақша, мансап, даңқ, мәртебе, тіпті білім де дыбыс вектор үшін кұндылық емес. Дыбыс векторы жалғыз, бар жан-тәнімен екпіндей «МЕН кіммін?», «Негізгі дүние жүзі заңы не?» деген сұрақтарға жауап іздеп және Бастапқы себепті, Құдайды тануға талпынады.
Оның міндеті – метафизикалық дүниені ұғыну және дыбысшыл адам барлық сипаттарын (тек негізгі физикалық сипаттамадан басқа: ол тамақтану, ішу, дем алу, ұйықтау) соған бағыттайды. Дыбыс векторы – ол ДОМИНАНТТЫҚ, дыбыс күші, ынтасының күштілігі соншалық – ол ең зор, басқа векторларға қарағанда оның дыбыс ынтасы әлдеқайда қуатты.
Дыбысшыл адам асексуалды (жыныстық қатынасқа ынтасы аз немесе жоқ), барлық ынтасы оның рухани дүниеге бағытталған, бұл дүниеге ынтызар құлшынысының аздығы – оның жыныстық қатынасқа деген құлшынысын басады. «Төменгі» векторларының ең жоғары либидо (нәпсі, ынта, құштарлық, інкәр, талпыныс) – күш серпіні (движущая сила) «Жоғарғы» векторлармен, әсіресе дыбыс векторымен басылады.
Дыбысшыл адам көбінесе естілер – естілмес, жай дауыспен сөйлейді, кейде өз даусын да жақтырмайды. Әр кезде, біреудің сұрағына жауап берер алдында үзіліс алады: «А? Не? Сіз маған ба?...» сұрақты естімегендей қайырып сұрақ қояды. Оның себебі, оған өз ішкі ойынан сыртқа шығуға уақыт керек, сосын барып ол толықтай жауап беруге дайын болады. Сөйлегенде тоқтап сөйлеп, ойланып, сол ішкі ойында қалады.
Дыбысшыл адам тікелей араласудан гөрі интернет арқылы байланысқа шыққанды ұнатады: оған, тіпті бір бөлмеде отырса да, басқа кісіге дауыстап айтқаннан гөрі, жазған оңай. «Интернет әңгімеде», әңгіме мен сөз мағынасынан алаңдататын, иіс және тағы басқа көңіліңді бөлетін нәрселер болмайды. Сөйлегенде көзін жұмып, бейнелі сыртқы дүниеден ажырап, бар ынтасын дыбысқа, сөз мағынасына, ырғаққа бағыттайды.
Дыбысшыл өзіндей адамдармен араласқанды жақсы көреді. Олар бір-бірін сөзсіз түсінеді және «Үндемей бірге тұрған – қандай рахат» деген қағиданы мойындайды.
Түн қараңғысы – дыбысшыл адамның уақыты. Алғашқы қауымда дыбысшыл адам түнгі қарауылдың функциясын атқарған, бәрі ұйықтап жатқанда, ол өзін сергек сезінеді. Ол түнгі тыныштыққа құлақ салып, алапес қабыланның табан астындағы сынған бұтақ дыбысын естиді.
Әлі күнге дейін дыбысшыл адамдар күндізден гөрі кешкі және түнгі уақытта өздерін сергек сезінеді. Сол себептен олар кеш жатады, әдеттегі режимге бағыну – оларға қиын, таңмен тұра алмай, ұзақ уақыт ұйқылы ояу жүреді.

Қазіргі қоғамда дыбысшыл адамдар бұрынғыша «Қоғам қарауылшығы» жұмысын атқарып жүр, мысалы Интернетте отырады, құлақ аспабымен (наушники) әуен тыңдайды, кітап оқып, ойланып-толғанып түнгі уақытты өткізеді.
Дыбысшыл бала басқаларына қарағанда тыныш, қоңырау кезінде басқалармен
жүгірмейді, шуламайды, оңаша қалғанды ұнатады. Әпенді момын бала, бірақ көзқарасы тура ересектердей, ойшыл, томаға-тұйық адам. Дыбысшыл адамның беті қимылсыз, эмоциясын білдіртпейді. Дыбысшыл адамның эмоциялары басқаларына қарағанда төмен емес, керісінше терең, тек сыртқа шығармайды. Сырттай дыбысшыл адамның эмоцияларын тіпті аңғармауымызда мүмкін.
Дыбысшыл баланың өзін мектепте ұстауына қарай қалін түсінуге болады. Баланың дыбыс векторы жабыңқы күйде болса, ол тұйық және жат болады. Оған құрбыларымен тіл табысу қиынға түседі. Түнімен ол өз «Шаруаларымен» айналысады, өз ішкі дүниесінде, қиялшыл әлемінде, музыка, идея, ойларында қалқып жүреді, содан ұйқысы қанбайды. Сол себептен түске дейін ұйқылы ояу болып, көбінесе бірінші сабақта өтетін бақылау жұмыстарын тапсыра алмайды. Ондай бала, сабаққа үлгермейтін балалар тізіміне түсуі мүмкін, иа болмаса, тіпті ақылы кем бала деген атақ алуы мүмкін.
Дәл сондай дыбысшыл бала дұрыс дамыған жағдайда, дыбыс векторы үшін жақсы жағдайда өмір сүрген бала өзінің интеллектуалдық қабілетін және оқуға бейім екенін көрсетеді. Әсіресе, оларға шет тілдерді үйрену оңай. Дыбысшыл бала сөз ырғағын, әңгіме үнін жақсы сезінеді, шет тілде акцентсіз сөйлейді. Тек дыбысшыл адамдар абстрактық ойға ие, физика және математикадан күрделі есептер шығара алады. Бәрінен озық, олимпиада жүлдегерлері болады.

Бұл жерде маңыздысы – мұндай балаға дұрыс жағынан келу. Дыбысшыл балаға ата-анасы жанұясында жақсы, бір қалыпты жағдай жасау керек: ең алдымен тыныштық, оңаша қалуға мүмкіндік болуы керек. Қатты дыбыстар: есіктің тарс жабылуы, ыдыс – аяқ сылдыры – дыбысшыл балаға зиян келтіреді. Дыбысшыл балаға айқайлауға, «Неғылған жарымессің, не үшін тудым?» деген сөздермен тіл тигізуге болмайды. Дыбысшыл баланы кемітуге болмайды, ата-ана арасында жиі болатын жанжал баланың оқу қабілетін төмендетіп, жалғыздыққа итереді. Дыбысшыл бала дыбыс сенсорынан алғашқы соққы алады. Аутист – ол зақымдалған дыбысшыл адам, есенгіреу. Стресстің ақырғы шекке жетуі дыбысшыл балада дыбыс неврозына (жүйкенің тозуы) – шизофренияға (ес аудыратын, ақылдан жаздыратын ауру) айналады.
Дыбыс векторы үшін ең жайлы күй – тыныштық. Тыныштық өз ойына терең қарау, шому амалы, тек тыныштықта жақсы ой келеді. Дыбысшыл адам шулы көпшіліктен аулақ жүреді, оған оңаша болған ұнайды.
Дыбысшыл адамдар абстрактық интеллект, негізінде ең әлеуетті, адамзаттық дүниеге жатпайтын абстрактық түсініктер иегерлері. Идея туындау, ойдан ой шығару, оны тарату – ол дыбыс. Бұл идеялар жаһандық тұрғыны, бізді қоршаған өмірімізді өзгертіп және әлеуметтік өзгерістер мен дүние жүзілік даму бағытын анықтайды. Дыбысшыл адамның дамуы және ойын жүзеге асыруы, оның идея бағытына тікелей қатысы бар: адам баласына қастық ойлау қасиетінен бастап (толық дамуы жетілмегендіктен, фрустрация, кернеген ыза, мысалы Гитлер), халықты немесе адамзатты болашаққа қозғайтын күш (Циолковский, Эйнштейн, Ландау, Тесла т.с.с.).
Дыбыс векторы – оқығанды ұнататын үш вектордын бірі. Дыбысшыл адамдар поэзияны таңдайды, ғылыми фантастика, философия және психология кітаптарын оқиды. Эзотерика, дін, теология (дін туралы ғылым), физиканы зерттейді. Түнімен ұйқысыз, философияға беріліп, түнгі аспанды тамашалап, ұзақ уақыт жұлдыздарға қарап, өзгеше жан тыныштығын табады.

Дыбысшыл адамдар әуенді ұнатады, ішкі жан дүниесіне тән әуенді таңдайды. Ауыр рок әуенін қатты дыбысқа қойып тындау – ол ішкі күйзелісін азайтуға басуға, дыбыс векторын толтыруға бағытталған амал. Әуен – дыбыс векторының бар құлшынысын төменгі деңгейде толтырады. Бірақ соңғы онжылдықтар да әуен де дыбысшыл адамды қанағаттырмайды, себебі оның темпераменті, басқаша айтқанда вектордың ынтызар қалауы (жігерлілік, қажырлылық, қызба) өсті. Дыбысшыл адамның – терең ессіз қалауы қанағаттанғаннан кейін, ол әуеннен гөрі тыныштықты таңдайды.
Жақында ғана 20 ғасырда, дыбысшыл адам өзіне философия, әуен, поэзияда қанағат тауып, сол арқылы өзін философ, теолог, музыкант, физик, ақын, режиссер маманы болып толық жақсы сезінетін. Ал соңғы онжылдықтарда рухани ұғым сезімталдығына жету шөлін ештеңе қандырмайды, олар қиын жағдайда, азғана ішкі ізденісті сезінсе де, оны ештеңемен толтыра алмайды.
Жалпы компьютерлік ойындарына тәуелдік (әсіресе зорлық, озбырлыққа байланысты) – дыбыс векторындағы депрессивтік (көңілсіздік, жабыраңқылық, жабығу, торығу, күйзелу) көрсеткіші. Компьютерлік ойындар әлеміне шому сыртқы дүниемен байланыссыздығын күшейтеді, сөйтіп адамды жек көру, адамға қастық ойлау – ауру дыбысшыл адамның идеяларын арттыра түседі.
Депрессия – ол дыбысшыл адам үшін қалыпты жағдай емес, делқұлылық, өкінішке орай қазіргі заман да жиі кездеседі. Депрессиядан шығу дыбыс векторы иегерлері үшін қиын мәселе. Өз түрлік рөлін атқара алмаған, ішкі сұрақтар маза бермей, қапалы және тынышсыз күйді кешіп олар өз-өздеріне қол жұмсайды, терең ессіз ойында «Жасырын есік» арқылы Құдайға келгісі келеді. Олар және де ойын «Бұл өмірдің мағынасы жоқ, бұл денеден рухым әбден шаршады» деп тікелей айтады. Дыбысшыл адамдар денесінен рухын босатып, о дүниеде шексіз өмір кешуді армандайды... Тек ол қате көзқарас, тек бұл өмірде, тек осы адам денесінде дыбысшыл адам өзінің Дыбыс міндетін, өзінің Мен және Әлемтану сезімталдығы, іздену, түсүну арқалы атқарады.
Дыбысшыл адам үнемі ойға батып, ойланып жан – жағында не болып жатқанын байқамайды. Барлық «Дыбыстық Мен» мендіктін бар назары ішіне өзіне бағытталады. Дыбысшыл адамның өз-өзіне зор шоғырлануы – ол бірте-бірте санасы арқылы өз зердесіне жету, терең ессіздіктен бірте-бірте орын алу әрекеті.
Өз әлеміне тым терең батқан ол сыртқы өмірмен байланысын үзеді, тіпті шынымен тамақ ішуді немесе су ішуді ұмытып кетеді. Бойын әлсіз сезініп, ол алдымен неге екенін түсінбейді. Одан «Сен тамақтандың ба? Қашан тамақтандың?» деп сұрағанда, ол «Есімде жоқ, кеше сияқты...» деп жауап береді. Дыбысшыл адам – жалғыз-ақ, өз денесін сезбейді. Олар дене өзімен-өзі, ал мен өзімен-өзім деп санайды. Кейде тіпті денесін бөгет жасайтындай көреді, оны тасып жүру ауыр, ол тамақ ішу керек, тағысы тағы бар, оған дене түрлік рөлін атқаруға кедергі жасайды. Бір жағынан дыбысшыл адам ең қиын жұмыс атқарады – ақыл-ой жұмысы, соны естен шығармау керек. Дыбыс векторындағы ақыл-ой жұмысынан гөрі ауыр жұмыс жоқ.
Дыбысшыл адамға өз қалауын сөзбен жеткізу қиын, бір нәрсе іздейді, бірақ не іздейтінін өзі де дәл білмейді. Бұл дүниедегі ешқандай материалдық ынтызар құлшыныс дыбысшыл адамның өмірінің мағынасыздығын толтырмайды. Дыбыс векторысыз адамдар оған: «Несіне азаптанасың? Сенде бәрі барғой! Саған не жетпейді? Қақсап қалдың ғой: Өмірдің мағынасы жоқ, бәрі несіне керек.. болды, бәрі сияқты өмір сүр!»
Дыбысшыл адам үшін терең ессіз сұрақтарға жауап таба алмаған, той үстінде тіс ауырғандай мазалайды: жан-жағында той думан, ал оған оларға қарайтын амал жоқ. Ол өмір мағынасын іздеп қатты қиналады, оны таба алмай денесінің ауыртпалдығын сезінеді.

Мұндай іштей зор ыза кернеген жағдайды көтере алмай депрессияға, нашақорлыққа ауып кетеді, ұйқысы қалып, басы жиі ауырады, әбден үміті үзіліп суицидке бас бұрады.
Потенциалында дыбысшыл адам ұшқыр ой, абстрактық интеллект иегері, ұлы айбынды ұғымға бүкіл дүниежүзілік көлемде қабілеті бар, дамымаған ойын іске асыра алмаған жағдайда, табиғи зор жолын таба алмайды. Бұл жағдайда ол ой қуыстарында бос тентіреумен ескі, дәрменсіз, тіпті ессіз ойда жаңылысып, адасып жүреді.
Әлемде ең алғашқы жүйелі-векторлық психология, интровертты тұйық мінезді, ішкі психикалық көлемін, дыбыс жиынтығын бізге таныстырып, барлығына білім кілтін ұсынады. Ал дыбысшыл адамның өзіне табиғатта белгіленген өз жолын сезінуге, өз қалауын толық сезініп, әр сипатын, ойын жүзеге асыруға көмек көрсетеді.
Авторлары: Диана КИРСС, отбасылық дәрігер, Евгения АЛЕКСЕЕВА, медицина факультетінің студенті, Анастасия МАТОЧИНСКАЯ, тіл маманы.
Мақала Юрий Бурланның жүйелі-векторлық психология тренингі материалдары бойынша жазылған.
Мақаланы қазақ тіліне аударғандар: Салтанат СЕЙТҚАЗИЕВА, Сания САРИЕВА.
